Нерв ж?йесіні? жасты? ерекшеліктері

Нерв жүйесі

Нерв жүйесі екі түрлі қызмет атқарады: біріншісі – организмнің сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді; екіншісі – организмдегі барлық ағзалардың қызметін басқарады.

Яғни, нерв жүйесі сыртқы және ішкі ортадан түскен ақпаратты қабылдап, талдап, оған организмнің жауабын қамтамасыз етеді. Осы қызметтері рефлекстер арқылы жүзеге асады. Нерв жүйесі барлық ағзалар мен тіндерге таралып организмнің барлық бөліктерін байланыстырып тұрады.

Нерв жүйесінің анатомиялық құрылымдық-қызметтік бірлігі нейрон(нерв жасушасы,нейроцит) деп аталады. Нейронның денесі және өсінділері болады.Өсінділерінің дендрит және аксон деп аталатын екі түрі болады. Дендриттер нервтік импульсті тек нейроннің денесіне қарай өткізсе, ал аксон импульсті нейронның денесінен тек ары қарай (басқа нейронға немесе ағзаға) өткізеді. Нервтік импульс бір нейроннан екінші нейронға – нейронаралық синапс арқылы беріледі.

Қызметіне байланысты нейрондардың: сезімтал, аралық (ендірме) және қозғалтқыш деп үш түрі ажыратылады.

1.Сезімтал(афференттік, рецепторлық)нейрон. Бұл нейрондардың ерекшеліктері – олардың денелері орталық нерв жүйесінен тыс орналасқан және дендриттері аксонына қарағанда ұзын болады. Сезімтал нейрондардың өсінділері әдетте дендрит және аксон деп аталмайды, дендриті – шеткі өсіндісі, аксоны – орталық өсіндісі деп аталады. Сезімтал нейронның шеткі өсіндісі рецептордан басталып, орталық өсіндісі жұлында немесе мида аяқталады. Рецепторлар сыртқы немесе ішкі ортада әсер ететін тітіркендіргіштерді ( ақпаратты ) нервтік импульске айналдырады. Орналасқан жеріне байланысты рецепторлардың үш түрін ажыратады.

1.Экстероцепторлар сыртқы орта тітіркендіргіштерін қабылдайды. Олар теріде және ауыз, мұрын қуыстарының шырышты қабықтарында, сезім ағзаларында орналасып -жанасу, температуралық және ауырсыну сезімдерін қабылдайды.

2.Интероцепторларішкі ағзаларда орналасқан. Олар ішкі ортаның химиялық және механикалық әсерлерін қабылдайды.

3.Проприоцепторлар тірек-қимыл мүшелерінде (бұлшықеттерде, сіңірлерде, шандырларда, байламдарда сүйекқапта және буын қапшықтарында) орналасқан.

2. Аралық(ендірме, ассоциативтік)нейрон нервтік импульсті сезімтал нейроннан қозғалтқыш нейронға жеткізеді.

3. Қозғалтқыш (эфферентті, эффекторлы) нейрон. Бұл нейронның аксондары нерв-тердің құрамында ағзаларға барады.

Нерв жүйесінің қызметі рефлекстер арқылы іске асады. Рефлекс - организмнің сыртқы және ішкі ақпараттарға (тітіркендіргіштерге) жауабы. Рефлекстер шартсыз және шартты болып екіге бөлінеді.

Туа біткен, тұқым қуалаушы рефлекстер шартсыз рефлекстер деп аталады. Олар жұлын және ми сабауы арқылы іске асады ( төменгі нервтік қызмет).

Жеке өмір сүру барысында организмнің қоршаған ортамен уақытша байланыстар түріндегі арақатынасы шартты рефлекстер арқылы іске асады. Шартты рефлекстер, жоғары нервтік қызметті қамтамасыз ететін үлкен ми қыртысының қатынасуымен жүреді. Бұл рефлекстер арқылы организм өте күрделі қызметтер атқарады.

Рефлекс өтетін жол рефлекстік доға деп аталады. Рефлекстік доғаның құрамына сезімтал, аралық және қозғалтқыш нейрондар енеді. Рефлекстік доға қарапайым және күрделі деп екіге бөлінеді. Қарапайым рефлекстік доғалар арқылы шартсыз, күрделі рефлекстік доғалар арқылы шартты рефлекстер іске асады.

Әдетте, қарапайым рефлекстік доға үш нейроннан тұрады. Жұлын арқылы өтетін қарапайым рефлекстік доғаның бірінші жалғануниполярлы сезімтал нейрондарыжұлын түйінінде орналасқан.Олардың рецепторлардан (терідегі, бұлшықеттердегі және т.б.) басталатын шеткі өсінділері жұлын нервтерінің құрамында өтеді.

Рецепторлар арқылы қабылданатын импульс шеткі өсінді арқылы жүріп, нейронның денесінде өтеді де, оның орталық өсіндісі арқылы жұлынның артқы мүйізінде орналасқан екінші,аралық нейронғаберіледі. Нервтік импульс аралық нейроннан алдыңғы мүйізде орналасқан, үшінші қозғалтқыш нейронғакеледі. Қозғалтқыш нейронның аксоны көлденең жолақты бұлшықетте аяқталады.

Аз жағдайда кездесетін ең қарапайым рефлекстік доға тек екі - сезімтал және қозғалтқыщ нейрондардан тұрады (тізе рефлексі). Күрделі рефлекстік доға, ми мен жұлынның өткізгіш жолдарын өткен кезде қарастырылады.

Нерв жүйесі топографиясына байланысты орталықжәне шеткі нерв жүйесі болып екіге бөлінеді. Орталық нерв жүйесіне (ОНЖ) ми және жұлын жатады. Шеткі нерв жүйесін (ШНЖ) 31 жұлын нервтері мен 12 жұп бассүйек нервтері құрайды.

Қызметіне байланысты нерв жүйесі шартты түрде сомалық (анималдық)және автономдық (вегетативтік)болып екіге бөлінеді.

Сомалық нерв жүйесіорганизмнің сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді. Ол теріні, көлденең жолақты бұлшықеттерді және сезім ағзаларын нервтендіреді, яғни, қызметі біздің еркімізге (санамызға) бағынатын ағзаларды нервтендіреді. Сонымен сомалық нерв жүйесі қоршаған ортадан ақпаратты қабылдап, оған организмнің жауабын қамтамасыз етеді.

Автономдық ( вегетативтік) нерв жүйесіішкі ағзаларды, тамырларды, жүректі, бездерді, құрамында бірыңғай (тегіс) салалы бұлшықеттер бар ағзаларды, яғни, қызметі біздің еркімізге бағынбайтын ағзаларды нервтендіреді. Сондықтан да автономдық нерв жүйесі деп аталып кеткен. Бірақ бұл жүйенің дербестілігі толық емес, ол ми қыртысының сұр затына белгілі бір дәрежеде бағынады: адам ұялғанда қызарып кетеді, қорыққанда – бозарады, қатты қобалжығанда жүрек соғысы жиілейді (тахинардия) т.с.с. Автономдық нерв жүйесі организмді тұтас бір жүйеге біріктіріп, ішкі ағзалардың қызметін реттеп, үйлестіріп отырады. Ішкі ағзаларға әсеріне байланысты ол парасимпатикалық және симпатикалық бөліктерге бөлінеді.

Нерв жүйесі

ми жұлын сомалық автономдық

Нерв жүйесінің анатомиялық ерекшеліктері.

Психикалық дамудың негізгі көрсеткіштері

Нерв жүйесі барлық мүшелер мен жүйелердің қызмет бірлігін қамтамасыз етіп, организмның сырт ортаға бейімделуін реттейді. Жаңа туған баланың нерв жүйесі өз қызметін толық атқаруға жетілмеген және анатомиялық ерекшеліктерімен өзгешеленеді.

І. Бас миы үлкен, ол баланың өз салмағының 1/8 бөлігіне тең, ересек адамдарда бұл көрсеткіш – 1/40

ІІ. Нерв жүйесі клеткалары суға бай, белок мөлшері аз болады

ІІІ. Ми айғыздары мен зоналары нашар нашар айқындалған.

IV. Мидың сұр заты ақ затынан айқындалып бөліндеген. Сұр зат нерв клеткаларына сай, ол жетілмегендіктен бала көп ұйықтайды (сөткесіне 20 сағатқа дейін), қорғансыз, қимыл қозғалыстары үйлесімсіз. Баланың ұйықтау уақытын есептеу:

1 жасқа дейін 22 – ½ m , m – айы

1 жастан жоғары 16 – ½ n , n- жасы.

Нерв клеткалары баланың 6-7 жасына қарай жетіледі, сондықтан мектепке осы жастан кейін барады.

Баланың жұлын құрылысы жағынан ересектердің жұлынандай, тек өз денесімен салыстырғанда ұзын болып келеді, сондықтан жұлынның сұйық затын ересектерде 1-2 бел омыртқа аралығынан пукциялап алса, балалардан 3-4 бел омыртқа аралығынан алады. Бас миына қарағанда едәуір дамып жетілген. Мидың қызмет атқаруының негізі рефлекстерге байланысты.

Рефлекс дегеніміз нерв жүйесінің әртүрлі қоздырғыштарға қайтаратын жауабы. Мысалы, дыбыс шыққан жаққа басын бұрып қарайды, ыстық нәрсеге денесі тиіп кетсе тартып алады, қараңғы жерде шырақ жанса көзін жұмады т.б.

Бала ему, жұтыну, кірпік қағу, жөтелу, түшкіру, түзге отыру шартсыз рефлекстерімен туады. Шартсыз рефлекстердің негізінде белгілі бір уақытта шартты рефлекстер пайда болады. Шартты рефлекстер тұрақты қалыптасу үшін әрдайым оларды қуаттандырып (қайталап) отыру керек.

Қоршаған ортаны жас бала сезім органдары арқылы тани бастайды. Шартты рефлекс пайда болу үшін ми қабыршығының жетілуімен қатар сезім мүшелерінің жақсы дамуы шартты. Олар, иіс тану, көру, сезу, есту, дәм түйсігі.

Жаңа туған баланың иіс тану қабілеті жақсы дамыған. Әртүрлі иіске ол түшкіріп, бет әлпетін құбылтады. Нәрестенің туа салысымен көру қабілеті болады. Бірақ, көз қозғалысы үлеспеген және жиі қыли болып келеді. Бұл қылилық бала әртүрлі әсем жылтырақ заттарға көзін тіге бастағанда кетеді. 6 айдан бастап түрлі-түсті ажыратады.

Есту қабілеті. Туа сала нәресте тек қатты дыбыстарды естиді, 2 жұмадан бастап өз анасының дауысын ажырата бастайды, ал 6 айдан бастап дауыстың екпінін ажыратады: зекіп ұрысқанға жылайды, жылы сөзге күледі.

Дәм айыру қабілеті туғаннан бастап жақсы дамыған (қант қосқан суды жақсы ішеді).

Дене сезімі өте жақсы дамыған шымшу, түрту, жоғары температура тағы басқа факторларға тыжырынып, қозғалып, жылап жауап қайтарады. Баланың орталық нерв жүйесі тез қозғыш және тез тозғыш. Жаңа ортаға, жаңа жүздерге бала әсершіл болады, бірақ, біраздан кейін бала шаршап мазасызданып кетеді. Баланың бірқалыпты жайбарақат нерв жүйесінің қалыптасуы үшін сабырлы орта керек.

Шартты рефлекстердің пайда болуына байланысты 4 түрлі дағды қалыптасады.

І. Тіл дағдысы – бала психикасының дұрыс дамуының көрсеткіші.

ІІ. Қимыл дағдысы – бала денесінің физикалық дамуының көрсеткіші.

ІІІ. Гигиеналық дағды және ұқыптылық

IV. Дұрыс күн тәртіп дағдысы

1,5 – 2 айдан бастап бала гуілдейді – бұл болашақ сөздердің негізі. Тіл дыбысқа еліктеуден, басталады, сол себепті балаға бұрмаламай сөйлеген дұрыс. Туғаннан бастап бала сергек кезінде онымен сөйлескен дұрыс,

3-4 айында бала ұзақ уілдейді, өз дыбысын өзі тыңдайды,

6-айында әртүрлі буындар айта бастайды –ба, -ма, -па;

7-8 айында буындарды қайталайды: -ба, -ба, -ба, - ма-ма-ма, -ма-ма, -па-па-па;

9-айында аты аталған заттарды көзімен көрсете алады.

11-айында бірінші сөздерді атайды;

1- жасында 8-10 сөз біледі;

2-жасында 300-ге жуық сөз біледі.

Сергек кезінде баланы қозғалысқа еліктіру оның қимыл дағдыларының қалыптасуына жақсы әсер етеді.

1,5-2 айында бала басын өз бетімен ұстай алады, осы кезде оны манежге етбетімен салу, массаж жасау қажет,

3айында бала етбетімен жатып басын көтеріп жан-жағына бұрады

4,5-5 айында шалқасынан жатқан бала қырынан және етбетінен аударыла алады,

6-айында ойыншықтарын өзі алып ойнай алады, отырады, қасықпен тамақ ішіп үйретуге болады,

8- айында сүйеніп тұра алады,

9-10 айында жатқан бала отырып, онан кейін ұмтылып тұра алады, қайтадан отыра алады, диванда, орындықты айналып жүреді.

11-айында өзі тұрып,

12-айында өзі жүре алады.

Тамақтандырған кезде гигиеналық дағды және ұқыптылыққа тәрбиелеген дұрыс: тамақтандырудың алдында қолын жуып, алдына алжапқыш тұтып, тамақ ішкен кезде аузының айналасын сұлықпен сүртіп, тамақтанғаннан кейін қол-аузын жуған дұрыс. Жүйелі түрде шомылдырып, киімін таза ұстау керек, баланың бөлмесінде тазалық тәртіп болуы керек, балаға ұйықтар алдында өз ойыншықтарын жинуды үйреткен дұрыс.

Дұрыс күн тәртібі дегеніміз ұйықтау, тамақтану, сергектікті дұрыс ұйымдастыру. Жаңа туған бала 20-22 сағат ұйықтаса, өсе келе ұйқының уақыты қысқарып сергектік кездері ұзарады.Есептеу формуласы: 1 жасқа дейін – 22 – ½п, п- айы. 1жастан кейін 16 – ½ п , п -жасы.

Мектеп жасына дейінгі мекемедегі балалардың денсаулығын, ондағы санитарлық жағдайды күнтәртібінің сақталуын, балалардың дұрыс тамақтануын аға медсестра мен педиатр дәрігер қадағалайды.

Аға медсестраға жүктелетін міндеттер өте көп:

І. Күн сайын әр группаға кіріп келмеген балаларды белгілейді.

ІІ. Уақытылы аурып қалған балаларды бөлек шығарып оларға емдік көмегін көрсетеді. Егер қажет болса, эпидемияға қарсы әрекеттер жасайды.

ІІІ. Группадағы күн тәртібінің бұзылуы бөлменің дұрыс желдетілуін және температурасының біркелкі 18о – 20о болып, санитарлық рижимнің сақталуын бақылайды, тәрбиешілерге денешынықтыру әрекетерін өткізуге көмектеседі.

IV. Уақытылы антропомерия өткізіп оны баланың даму тарихына енгізеді.

V. Аға медсетраның басты жұмыстарының бірі балалардың тамақтануын ұйымдастыру: тамақтың құндылығын айқындайды, тамақтың пісіру технологиясын, және сапасын тексереді, 10 күнге ерте меню құрып балалардың тамағының әртүрлі болуын қадағалайды.

VI. Дәрігермен бірлесе отырып жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егулер өткізіледі.

I. Аға медсетра сонымен қатар ата-аналармен және бала-бақша қызметкерлерімен үлкен санитарлық атқару жұмысын өткізеді.


уа?ытын тиімді ?йымдастыру

Жас?спірімдерді? физиологиялы? ерекшеліктері

Зат алмасу процесі жеделдейді ;

Барлы? организм ж?йесіні? ?айта ??рылуы ;

Жас?спірімдерді? психологиялы? ерекшеліктері

?зіне сенімділігі пайда болады ;

нерв ж?йесіні? т?ра?сызды?ы ;

Сонды?тан, б?л ша?та жас?сіпірім ?ылы?ында?ы ж?не мінезіндегі кейбір жа?ымсыз ??былыстарды же?у ?шін к?н т?ртібін, бос уа?ытын д?рыс ?йымдастыру ?те ма?ызды.

Жасөспірім қылығындағы жекелік ерекшеліктерінің көрінуі және бос

уақытын тиімді ұйымдастыру

Жасөспірімдердің физиологиялық ерекшеліктері

Зат алмасу процесі жеделдейді ;

Барлық организм жүйесінің қайта құрылуы ;

Жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері

Өзіне сенімділігі пайда болады ;

нерв жүйесінің тұрақсыздығы ;

Сондықтан, бұл шақта жасөсіпірім қылығындағы және мінезіндегі кейбір жағымсыз құбылыстарды жеңу үшін күн тәртібін, бос уақытын дұрыс ұйымдастыру өте маңызды.

Негізгі ереже – бұл күнделікті мақсаттың болуы. Күнде кешкісін баламен бірігіп жоспар құру қажет. Жоспары бар адам көңілді өмір сүреді.

Бос уақытын өткізуді ұйымдастыру ерекшеліктері

Үй шаруасына көмек ;

Жасөспірімнің бос уақытын нақты белгіленуі керек. Белгілі бір уақытта ұйықтап, тұру әдебі жасөспірімнің тез ұйықтауына және оянуына үйретеді. Белгілі бір уақытта тамақ ішу пайдалы заттарды сіңіруді қамтамасыз етеді. Егер үй тапсырмасын бір уақытта орындауды үйренсе, онда оқу материалы тез жатталады. Күнделікті күн тәртібін сақтау жасөспірімді тәртіпке, ұқыптылыққа дағдыландырады.

Жасөспірім өмірінде оқу басты орынды алады. Бірақ демалысты да ұмытпаған жөн. Мектептен келгесін, тамақтанып, демалу керек. Жасөспірімдер әртүрлі демалады: біреулер теледидар көреді, сүйікті кітабын оқиды, компьютерде ойнайды, не болмаса қазіргі кезде көп жағдайда вк-да отырады. Бірақ жасөспірім толыққанды демалу үшін таза ауада күніне 2-2,5 сағат болу қажет.

Үй тапсырмасын орындау ұзақтығы – 2-ден 4 сағатқа дейінгі уақытты құрайды. Өкінішке орай көптеген оқушылар компьютер мен теледидар алдында ұзақ отырады. Теледидар бағдарламаларын ұзақ көрген жағдайда нерв жүйесін қоздырады, көзге үлкен күш түсіреді. Теледидар көру мен компьютермен жұмыста 14 жасқа дейінгілер күніне 1 сағат, ал 14-16 жастағылар күніне 2 сағат отыру қажет.

Жасөспірім өмірінде ұйқының маңызы зор. 13-17 жастағылар үшін 8 сағаттық ұйқы қажет. Дұрыс ұйықтамаса да 1-нші 2 сабақтан кейін жұмысқа қабілеттілігі төмендейді. Нерв жүйесіне кері әсер етеді де, бала ескертуге ауыр қарайды, енжар болады.

Ата-аналарға жасөпірімдермен қарым - қатынасына 10 кеңес

-Бұл шақта балалар өз ата-анасының өмірін бағалай бастайды.

-Сіздің баламен өзара қатынасыңызда ең бастысы – өзара түсіністік.

-Таңдандырыңыз – есте қалады! Әсер қалдырыңыз.

-Баланың денсаулығына көңіл бөліңіз.

-Баламен аптасына көбірек уақытты бірге өткізу қажет

-Өзіңіздің денсаулығыңызды сақтап, спортпен айналысыңыз, демалысқа барыңыз, саяхатқа шығыңыз.

-Баламен әңгімеде ата-ананың кейбір тақырыптардан қашуы бұл тыйым салынған деген ойға әкеледі.

-Жасөспірімдерді отбасы проблемасынан қорғамаңыз.

-Егер сіз тәрбиелеуде қате жіберсеңіз, онда сізге қиын болады.

-Егер сіз бала өміріне қатысты сұрақта олардың пікірін елемегендіктен, сіз өзіңіздің дұрыс емес екеніңізді түсінсеңіз, онда бұл жағдайды бірінші өзіне, содан соң балаға айтудан қорықпаңыз.

Қорыта айтсақ, қазіргі жастар тіпті жаңаша жағдайда өмір сүруде, жоғары буын оны біледі де. ХХІ ғасырда өмір сүрудің дайын сызбасы да жоқ және тіпті болуы мүмкін емес. Сондықтан қазіргі жастардың құндылықтары қандай болса, олардың және қоғамның болашағы да соған байланысты, сондықтан мәңгілік бар және бола беретін қоғамдық пайдалы құндылықтарды бойға сіңіруіміз керек. Ал жастарға сенбеу – өз болашағымызға сенбеуді білдіреді.

Жасөспірімнің бос уақытын ұйымдастыруда ата-ана ретінде біріккен демалысты ұмытпаңыз. Жасөспірімнің проблемасына үңіліп, онымен ересек адамдарша сөйлесіңіз, пікірін құрметтеңіз. Жасөспірімді тыңдай отырып, оның бет әлпетімен, жестін талдаңыз. Кейде жасөспірім бәрі жақсы дей салады, бірақ дауысымен көздері басқаша екенін айтады. Есте сақтаңыз: егер баланы отбасында жақсы көріп оны түсінсе, онда ол үйден кеткісі және қыдырғысы да келмейді.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 08:42, реферат

Жоғары дәрежелі нерв қызметі туралы жалпы түсінік. Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады. Жоғары жүйке әрекеті адам организмінің сыртқы ортамен карым-қатынасының тиімді қалыптасуын зерттейді. Жоғары дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, коңіл-күйі, үйқы, түс көру, гипноз т. с. с. ми сыңарлары мен олардың қыртысының негізгі қызметі болып есептеледі. Мұғалімдер жоғары жүйке әрекетін жете түсіну арқылы балалардың мінез-құлықтарын біліп, оқыту, үйрету, тәрбиелеу жұмыстарын жөнге келтіріп, жан-жақты білімді, дұрыс дамыған жастарды тәрбиелей алады.

Документ Microsoft Office Word (2).docx

Шартты рефлекстердін тежелуі және жас ерекшеліктері. Мидағы қозу мен тежелу бір-бірімен байланысты өтеді. Табиғатта организмнің қызметін тудыратын мидағы нерв клеткаларының қызметін ақырындатып немесе тоқтату қажеттілігі жиі кездеседі. Мұнд айда мидағы тежелудің маңызы алға шығады. Қалыпты жағдайда мидағы қозу мен тежелу дәл қажетті сотте организмнің қызметін не үдетіп, не баяулатып отырады. Тежелу 2 түрлі болады: сыртқы немесе шартсыз және ішкі немесе шартты тежелу.

Ұйқы, оның физиологиялық негіздері мен жас ерекшелігі. Ұйқы адам организмінің қалыпты қызмет атқаруы мен тірлігін сақтауға қажетті жағдай.
Ұйқы кезінде сыртқы ортамен байланыс нашарлайды немесе мүлде тоқталады, денедегі зат алмасуы, бүлшық еттердің тонусы, ас қорыту, жүрек-қан тамырлар мен тыныс мүшелерінің қызметі төмендеп, дене түлғасының бүлшық еттері босайды. Тыныс жиілігі, жүректің соғуы азаяды. Ұйқы дағы адамның миындағы нерв клеткаларының өзара байланыстары жөнге келтіріліп, талданып, талқыланады, қажетті мәліметтер есте сақталады. Ол мәліметтердің іздері нығайып, күшейеді, нейрондардың энергия қоры қалпына келтіріледі, сондықтан ұйқы қандай да болмасын организмге өте қажет.
Ұзақ уақыт ұйқы кемігенде адамның еңбек қабілеті, есте сақтау, ойлау қабілеттері төмендеп, нашарлап кетеді, денсаулығы бүзылады. Тіпті ұзақ мерзім ұйқысы қанбаса адамның психикасында өзгерістер пайда болып, психоз, невроз ауруларының, шаршау, қалжырау белгілері орын алады.
И. П. Павлов пен оның шәкіртгерінің зерттеулері негізінде ұйқы мен ішкі тежелудің табиғаты бір екені анықталды. Ояу жүргенде ішкі тежелу нерв клеткаларының жеке топтарында ғана байқалады. Ал үйықтағанда күллі ми қыртыстары мен қыртысасты құры-лымдарына тарайды. И. П. Павловтың айтуынша, ұйқы -мидың жоғарғы бөлімдеріне жайылған қорғаныс те ж е л у і.
Қазіргі мәліметтер бойынша ми бағанасында ұйқы мен сергектікке әсер етуші нерв клеткаларының шоғырланған топтары болады. Ұйқы ның пайда болуына таламус, гипоталамус пен торлы құрылымның маңызы бар екені анықталды. Таламус пен гипоталамуста арнайы ұйқы орталықтары бар, ал торлы құрылымда сергектік орталық бар деп есептейді.
Ұйқыдағы организмнің ЭЭГ-сын зерттегенде әрбір 80-90 минөт сайын баяу ырғақтар ояу кездегіге үқсас жылдам ырғаққа ауысатынын бақылаған. Ондай кезде көз алмасы жылдам-жылдам қозғалып, пульс пен тыныс жиілігі артады. Бұл мезгілді ұйқы ның парадоксты кезеңі, яғни жылдам ұйқы деп белгілеген. Бұл кезеңде электр белсенділігі сергек кездегідей болғанымен организмнің сыртқы ортамен байланысы болмайды, оның сигналдарын қабылдау тежелген. Кезекті күнделікті ұйқы кезіндегі ЭЭГ-ның белсенділік ырғақтары нейрохимиялық жүйенің белтілібір жұмыстарына байланысты деп есептеледі. Ұйқы дағы адам осы кезде түс көреді. Жылдам ұйқы адам организміне аса қажетті. Егер үйықтағанда ол пайда Полмаса, бір түннің ішінде адамның жүйке жүйесінің козгыштығы күшейіп, күндіз ашуланшақ болады, ал Ұзақ мерзімге созылса, адам науқастанады. Жылдам ұйқы кезінде іідам оянбайды.
Ұйқының баяу толқындары байқалатын кезендерін б а я у ұйқы немесе ортодоксты ұйқы деп атайды. Кезекті түндегі бір ұйқы бірнеше циклдан түрады. Әр циклда жылдам және баяу ұйқы кезендері бар. Таңға жақын оянар кезде жылдам ұйқы байқалады, сондықтан оянған адамда түс көру сезімі туады. Түс көру сезімі түс көріп жатқанда оянса ғана пайда болады, оянбаса ондай сезім тумайды.
Кезекті күнделікті ұйқы 5 кезеңнен құралады: бір белсенді жылдам ұйқы кезеңі жөне 4 баяу кезендер. Олардың биологиялық ырғақтары шамамен 1 сағат 30 минөт сайын қайталанып отырады.
Баланың өсіп дамуы барысында ұйқы мен сергек жүру мерзімдерінің мөлшері өзгереді. Жаңа туған сәби алғашқы күндері тәулігіне 21 сағаттай үйықтайды. Біртіндеп оның ұйқы сы азайып, сергек мерзімі үзарады. 1 жасқа жақындаған баланың ұйқы сының үзақтығы 14 сағат, 4 жаста — 12, 10 жаста — 10-11, ересек адамда 7-8 сағат.
Баланың өмірінде 5-6 жастың маңызы ерекше: Бұл кезде күндізгі ұйқы тоқталып, 1 тәулік екі кезеңге ғана бөлінеді: ояу жүру немесе сергектік және үйықтау кезеңдері. Сондықтан баланың түнгі ұйқысы бұзылғанда оның организмі әлсіреп, тез шаршау белгілері туады. Бала күн кестесіндегі еңбек уақыты мен ұйқы уақытын дұрыс сақтамаса, оның организмінде қалжырау пайда болады. Ондай баланың еңбегінің нәтижесі төмендеп кетеді.
Бала мезгілінде дұрыс үйықтау үшін жатар алдында ауыр тамақ ішпеуі тиіс. Ауыр тамақты ұйықтардан бүрын кемінде 2-3 сағат бүрын қабылдап, жатарда жеңіл-желпі аз мөлшерде ішу керек (айталық, 1 кесе айран не сұт, немесе жеміс шырыны). Баланың төсегі жайлы, бөлмесінің ауасы таза, температурасы 20-22° С болғанда ұйқы сы дұрыс болады. Сондықтан бала үйықтағанда: жазда терезесінің сәл ашық болып, қыста жатар алдында жарты сағаттай желдендіріп алу маңызды. Баланың ұйықтайтын бөлмесі сырттан айқай-шу келмейтіндей, пәтердің тыныш жағында орналасқаны дұрыс. Баланы жатар алдында жылы сумен аяқ-қолдарын жуындырып, денесіне шақ, қыспайтын, жүмсақ, мақта-матадан тігілген жатын киімін киіндіру қажет. Ұйықтардан 1-2 сағат бүрын баланың жүйке жүйесін қоздыратын ойындарды, әңгімелер айтуды немесе оқуды тоқтатып, оның қозуын басатын, тыныштандыратын әңгімені ақырын баяу біркелкі ырғақты дауыспен айтқан жөн.

Нерв жүйесінің ісіктері алуан түрлі. Олар нерв жүйесінің орталық, вегетативтік шеткі элементтері мен осы жүйенің құрамына кіретін мезенхималық элементтерден қалыптасады. Нерв жүйесінің ісіктері толық және шала жетілген, яғни қатерсіз және қатерлі түрлерге жіктеледі. Дегенмен, мида немесе жұлында дамыған ісіктердің барлығы да қатерлі, өйткені баяу өскеннің өзінде де олар тіршілік үшін маңызы зор орталықтарды қысып, қызметін бұзады.

Пат Анатомия.doc

Нерв жүйесі мен ми қабықтарының ісіктері

Нерв жүйесінің ісіктері алуан түрлі. Олар нерв жүйесінің орталық, вегетативтік шеткі элементтері мен осы жүйенің құрамына кіретін мезенхималық элементтерден қалыптасады. Нерв жүйесінің ісіктері толық және шала жетілген, яғни қатерсіз және қатерлі түрлерге жіктеледі. Дегенмен, мида немесе жұлында дамыған ісіктердің барлығы да қатерлі, өйткені баяу өскеннің өзінде де олар тіршілік үшін маңызы зор орталықтарды қысып, қызметін бұзады.

Нерв жүйесі ісіктерінің ерекшеліктері:

  1. Нерв жүйесінде кездесетін көптеген қатерсіз ісіктер айналасындағы тіндерге ене шекарасыз өседі. Экспансивтік өсу тек кейбір ми қарыншаларының ішіне қарай өсетін (эпендимома, хориоидпапиллома) үшін ғана тән.
  2. Белгілі бір көлемге жеткен соң ісіктер қатерсіз, қатерлі екендігіне қарамастан бір типтегі клиникалық белгілер береді.
  3. Нерв жүйесінің қатерлі ісіктері негізінен ми көлемінде ғана метастаздар береді.
  4. Орталық нерв жүйесі ісіктерінің көпшілігі камбиалдық элементтерден дамитын дизонтогенездік ісіктер тобына жатады.

Орталық нерв жүйесінің ісіктері: нейроэктодермалық және ми қабықтарының ісіктері деп екі топқа бөлінеді.

Ми мен жұлынның нейроэктодермалық ісіктері нейроэктодермалық туындылардан құрылып, органспецификалы болады. Нейроэктодермалық ісіктер: астроциттік, олигоденроглиялық, эпендималық және хориодэпителийлік; нейрондық; шала толысқан және эмбриондық деп бөлінеді.

Астроциттік ісіктер. Қатерсіз астроцитома ересектерге қарағанда жас балаларда көбірек кездеседі. Ол мишықта, ми бағанында және 3 қарыншада жайылмалы немесе түйін түрінде өседі. Ісік арасында кисталар пайда болады. Астроцитоманың фибриллярлық, протоплазмалық және фибриллярлық-протоплазмалық түрлерін ажыратады. Фибриллярлық астроцитома глиялық талшықтардан құралған қатты ісік, жасушалары аз. Протоплазмалық астроцитома негізінен ірі, цитоплазмасы біртекті, көп өскінді жасушалардан түзілген, кейде олардың арасында алып жасушалар да кездеседі. Фибриллярлық-протоплазмалық астроцитомада глия талшықтары мен астроциттер біркелкі орналасқан.

Қатерлі астроцитома жасушалар полиморфизмімен және митоздар санының көптігімен сипатталады. Ісікте некроз ошақтары да кездеседі.

Олигодендроглиялық ісіктер. Олигодендроглиома сирек кездесетін ісік. Ол негізінен аралары өте жақын, ядросы ірі, домалақ, ал ядро айналасында түссіз аймағы бар жасушалардан түзіледі. Ісік көбінесе мидың ақ затынан, кейде үшінші қарыншалардан өсіп шығады. Қатерлі олигодендроглиома үшін жасуша атипизмі, митоздар тән.

Эпендималық ісіктер мен хориоидтық өрім ісіктері. Эпендимома ісігі ми қарыншаларын астарлап жатқан эпендима жасушаларынан түзілген. Эпендимома негізінен 4 қарыншада, өте тығыз, диаметрі 4-6 см түйін түрінде өседі. Кесіп қарағанда ақшыл сұр түсті. Эпендимоманың жасушалы, өскінді және эпителийлі түрін ажыратады. Эпендиманың бірінші түрінде жасушалар қан тамырларының кемерін айнала күн сәулесі тәрізді жайғасып, жалған розеткалар түзеді. Эпендимоманың екінші түрі ісік жасушаларымен астарланған әр түрлі қуыстар мен өзектер түзуімен сипатталады. Оның қатерлі түрін эпендимобластома деп атайды.

Хориоидтық папиллома сыртқы беті бүртіктене өскен цилиндрлік немесе текшелі эпителий жасушаларынан түзілген қатерсіз ісік. Қатерлі хориоидтық папиллома ірі, әр түрлі көріністегі атипиялық эпителий жасушаларынан түзілген, олардың арасында митоздар көп.

Нейрондық ісіктер. Бұл ісіктер өте сирек кездеседі. Оларға ганглиоцитома, ганглионейробластома жатады.

Ірі жетілген ганглиоздық жасуш алардан құралған қатерсіз ісікті ганглиоцитома деп атайды. Бұл ісік негізінен 3 қарынша түбінде орналасады. Ганглионейробластома ганглиоздық жасушалардан дамитын қатерлі ісік, жасушалар арасында атипизм, полиморфизм басым. Нейробластома балаларда кездесетін өте қатерлі, көптеп метастаз беретін ісік. Ісік жасушалары ірі, ядролары көпіршіктенген, митоздар көп.

Өте жетілмеген және эмбриондық ісіктер. Эмбрион кезеңімен байланысты ісікке медуллобластома жатады. Бұл ісік әдетте мишықтың құрт тәрізді бөлігінде орналасып, негізінен балалар үшін тән. Медуллобластома жұмсақ, қызғылт-сұр түсті, айналасындағы тіндерге шекарасыз өсіп кіретін қатерлі ісік. Осы ісікті түзуші өте майда, ядролары домалақ не сопақша жасушалар жалған розеткалар немесе ырғақты құрылымдар түзеді. Қыз балаларға қарағанда ұл балаларда 2-3 есе жиі кездеседі.

Дифференциациясы өте төмен ісіктерге глиобластома жатады. Ол глия элементтерінен өсіп шығатын аса қатерлі ісік, 40-50 жастағы адамдарда жиі кездеседі. Өте тез өсуіне байланысты ісікте некроз және қан құйылу ошақтары пайда болады, сондықтан оның түсі шұбарала.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 22:03, творческая работа

Нерв жүйесі организмді өзгертіп отыратын сыртқы орта факторларына бейімдеп, оның біртұтастығын қамтамасыз етеді.
Нерв жүйесі жасушалардың ұлпалардың, мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметтерін реттеп, оларды өзара байланыстырады.
Нерв жүйесі сыртқы және ішкі тітіркедіргіштерге организмнің жауап қайыру мүмкіндігін береді.

срс гиста.ppt

Тақырыбы:
Нерв жүйесі.ОНЖ

Орындаған: Мухаметжанова Анеля Курс: II

Тексерген:Жанбырбаева А.Қ.

  • Нерв жүйесі организмді өзгертіп отыратын сыртқы орта факторларына бейімдеп, оның біртұтастығын қамтамасыз етеді.
  • Нерв жүйесі жасушалардың ұлпалардың, мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметтерін реттеп, оларды өзара байланыстырады.
  • Нерв жүйесі сыртқы және ішкі тітіркедіргіштерге организмнің жауап қайыру мүмкіндігін береді.
  • Нерв жүйесінің жоғары бөлімдері психикалық іс-әрекеттің көрініс беріп жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
  • Нерв жүйесі – информацияны жылдам жеткізетін және басқаруды жүзеге асыратын күрделі үйымдасқан әрі жоғары дәрежеде маманданған жүйе

Нерв жүйесін негізгі 2 бөлімге бөліп қарастырады:

  • Орталық нерв жүйесі: жұлын мен бас миы
  • Шеткі нерв жүйесі: орталық нерв жүйесінен тараған нервтер мен орталық нерв жүйесінен тысқары орналасқан нерв жасушаларының шоғыры (ганглилер) жатады.

Нерв жүйесі қызметтік жағынан 2 бөлімге жіктеледі:

  • Соматикалық нерв жүйесі: тірек – қимыл аппаратын нервтендіріп, денеміздің сезімталдығын қамтамасыз ететін нерв жүйесінің бөлігі
  • Вегетативтік нерв жүйесі: ішкі органдарды нервтендіріп, олардың қызметін реттейтін, ондағы зат алмасуға әсер ететін нерв жүйесінің бөлігі

Нерв жүйесінің бөлімдері

Нерв ұлпасын 2 түрлі жасушалар құрайды: нейрон және глиалдық немесе нейроглия жасушалары.

Нерв жасушылырының құрылымдық және қызметтік бірлігі нейрон болып табылады.

  • Негізгі қызметі: нерв импульстерін өрбіту, ақпаратты қабылдау, өңдеу, сақтау, одан әрі беру үрдістері іске асырады.
  • Нейрондардың пішіні, көлемі, құрылымы алуан түрлі болып келеді. Нейрон денесінен өсінділер шығад: аксон – ұзын, бір ғана өсінді; дендриттер - қысқа, көп тармақталған өсінділер. Аксон арқылы нерв импульсі бір нейроннан (қозу) келесі бір нейронға өтеді, яғни аксонның ұшы басқа нейронға (немесе атқарушы органдар жасушаларына) сигнал беруге маманданған. Аксонның жасуша денесінен шығатын жері аксон төбешігі (холмик) деп аталады. Ќысқа өсінділер – дендриттер арқылы қозу нейрон денесіне өтеді. Нейронның басқа нейронмен немесе ет талшығымен түйіскен жері синапсты (былайша айтқанда байланысты) түзеді

НЕЙРОННЫҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ҰЙЫМДАСУЫ

Нейроглия — нерв үлпасының көмекші және маңызды қүрамды бөлігі. Нейроглияның клеткалары нерв импуль-старын өткізбейді, бірақ олар нерв үлпасында тіректік, трофикалық, қорғаныс және изоляциялық функциялар атқарады. Сонымен бірге мидың эпифиз және гипофизінде нейроглия осы органдардың негізгі массасын күрайды және секреторлық функция атқарады.

Нейроглияның клеткалар саны нейрондарға қарағанда 10 есе көп. Бүл клеткалар орталық нерв жүйесінің клетка-ларын қоршап, олардын арасындағы кеністікті толтырып, механикалық тіректік функция атқарады.

НЕЙРОНДАРДЫҢ ӨСІНДІЛЕР САНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖІКТЕЛУІ

Әртүрлі нейрондар денелерінен шығатын өсінділердің саны бірдей болмайды. Осыған орай оларды

  • униполярлы, псевдоуниполярлы,
  • биополярлы,
  • мультиполярлы деп бөледі.

Униполярлы нейрондарда бір ғана өсінді болады. Мұндай нейрондар омыртқасыз жануарларда және омыртқалы жануарлардың эмбриональдық даму кезеңінде кездеседі.

Псевдоуниполярлық нейрондарда да бір өсінді болады, бірақ ол әрі қарай екі тармақталып кетеді.

Биополярлық нейрондарда екі өсінді бар.

Мультиполярлық нейрон денесінен әдетте жуан, ұзын бір аксон және бірнеше дендриттер шығады. Бұлардың үлкендігі, пішіні, атқаратын қызметтері, орналасқан жерлері әртүрлі болады.

Нейрондар қызметі жағынан 3 топқа жіктеледі:

  • Афференттік (сезімтал, ќозуды орталық нерв жүйесіне ќарай(ОНЖ) өткізеді);
  • Эфференттік (моторлы, қимыл-қозғалыс, ќозуды орталық нерв жүйесінен жұмыс мүшесіне ќарай өткізед);
  • Қондырма (қосымша немесе аралыќ нейрон, афференттік нейрондарды эфференттік нейрондармен байланыстырады).

Нерв талшықтарының қасиеттері.

Нерв талшықтарының яғни нерв жасушалы өсінділерінің ең негізгі қасиеті - өздері арқылы қозу импульстерін өткізу болып есептеледі. Нерв талшықтарының морфологиялық белгісіне қарай балдырлы немесе миелинді және балдырсыз деп 2 топқа айырады.

Миелинді сезгіш және қозғағыш талшықтар сезім органдары мен қаңқа еттерін жабдықтайтын нервтердің, сондай-ақ вегетативтік нерв жүйесінің құрамына енеді.

Миелин қабығы миелоциттердің (Шванн жасушаларының) осьтік цилиндрді бірнеше қайтара орауының нәтижесінде пайда болады. Орамдар бір-бірімен кіргісіп тығыз майлы қорап - миелин қабығы түзіледі. Ол талшықтың бойында әрбір 1-2 мм сайын үзіліс жасайды. Мұндай ашық аймақтыі Ранвье үзілістері деп атайды, олардың диаметрі 1 мкм шамасында.

Миелинсіз талшықтың сыртын тек қана эндотелий қабығы қоршаған, миелині болмайды.Миелинсіз талшықтар омыртқалы жануарларда негізінен симпатиқалық нерв жүйесіне тән.

Жүйке жүйесінің маңызы.

Адамның жүйке жүйесінің маңызын оның қызметіне қарай былай анықтауға болады:

  • - мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, организмнің бір тұтастығын іске асырады;
  • - денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жұйелерінің қызметтерін реттейді;
  • - организмді сыртқы ортамен байланыстырады;
  • - сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына организмді бейімдейді;
  • - денедегі барлық клеткалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл организмнің тірлігін қамтамасыз етеді.

Орталық жүйке жүйесі

Ж ұ л ы н омыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамда жарты метрге жуық, салмағы 37-38 г. жұлынның жоғарғы жағы сопақша мимен жалғасады да төмеңгі ұшы шашақтанып омыртқа тұсында бітеді. Жұлын арасы қосылып кеткен симметриялы оң және сол жақ екі жарты бөлімдерден тұрады.

Адамның жұлыны 31-33 сегменттен (лат. сегментум -бөлік, кесінді) тұрады: 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құйымшақ бөлімдері. Әрбір бөлімнен қос-қостан шыққан нерв түйіндері екі жұлын нервтеріне айналады (орталыққа тебетін немесе сезгіш және орталықтан тебетін немесе қозғаушы нервтер). Жұлын омыртқа жотасынан қысқалау болғандықтан аталған бөлімдер омыртқаның аттарына сәйкес келмейді. Жұлын нервтері жұлын өзегінен шығып (І-жұптан басқасы) дененің терісін, аяқ-қолдарын, дене тұлғасының еттерін нервпен қамтамасыз етеді. Әрбір бөлім дененің өзіне тән жерлерін нервтендіреді.

Жұлын 10 жасқа келгенде екі есе ұзарады. Оның өсуі алғашқы жылы өте күшті болады да, 2-3 жасқа келген баланың жұлыны 14 г болады (жаңа туған нәрестеде не бары 2,8 - 2,9 г), 4-6 жасқа келгенде жұлынның дамуы аяқталуға жақын деуге болады. Дегенмен оның толық жетілуі 20 жаска жуықтағанда аяқталады. Осы мерзімде жұлын 8 есе көбейеді.

Жұлынның қызметі: жұлын екі түрлі қызмет атқарады:

  • рефлекстік және
  • өткізгіштік.

Рефлекстік қызметі: жұлынның әр жерінде жүйке орталығы бар. Жүйке орталығы деп жұлынның түрлі бөлімінде орналасқан қандай да болмасын мүшенің жұмысын реттейтін жүйке жасушаларының жиынтығын айтады. Мысалы, тізе рефлексі орталығы жұлынның бел бөлімінде; зәр шығару орталығы сегізкөз бөлімінде; көз қарашығын үлкейтетін орталық арқа бөлімінде және т. б. орналасқан. Жұлынның жүйке орталықтары рецепторлар және мүшелермен тығыз байланысты. Қозғалтқыш нейрондары - дене, аяқ-қол бұлшықеттері, тыныс алу еттерінің жиырылуына әсер етеді. Жұлынның қатысуымен қозғалу рефлексі жүзеге асады. Жүрек, тыныс алу, ішкі мүшелер жұмысында өзгерістер болады.

Өткізгіштік қызметі орталыққа тебетін (өрлеу, қозуды миға жеткізу) және орталықтан тебетін (қозуды мидан жұлын арқылы мүшелерге жеткізу) өткізгіш жолдардан тұрады. Орталыққа тебетін өткізгіш жолдармен қозу миға беріледі. Орталықтан тебетін өткізгіш жолдар арқылы қозу мидан жұлынның төменгі бөлімдеріне, одан мүшелерге өтеді. Жұлынның қызметі тікелей мидың бақылауында болады.

Адамның м и ы орталық жүйке жүйесінің ең негізгі маңызды бөлігі. Одан 12 жұп нервтер шығып, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен келетін мәліметтерді жеткізеді. Бұларға I иіс, II көру, III көз қимылдатқыш, IV шығыршық, V үшкіл, VI бүру, VII бет, VIII дыбыс, IX тіл-жұтқыншақ, X кезеген, XI қосымша, XII тіласты нервтері жатады.

Жұлынның да, мидың да сыртын үш түрлі қабықша қаптап жатады.

  • Сыртқысы - қатты,
  • ортаңғысы - торлы,
  • ішкісі - жұмсақ қабықшалар деп аталады.

Ми мен жұлын жұмсақ қабығының қабынуынан көбіне сәбилер немесе жас балалар менингит - делбе деп аталатын жұқпалы ауруға шалдығуы мүмкін. Аурудың жалпы белгілері: бас ауырады, құсады, есінен айырылады және т. б

Читайте также:

Пожалуйста, не занимайтесь самолечением!
При симпотмах заболевания - обратитесь к врачу.